Аймақтар
1 мин оқу 414

​Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған мереке басталды

​Қостанай қаласына 140 жыл толды. Қостанайлықтар мен қала қонақтары оны екі күн бойы кең көлемде атап өтіп жатыр.Мереке бағдарламасы мазмұнды әрі бай. Мерекеге қала әкімдігі барынша дайындалды, қаланы гүл көмкеріп тұр. Қала мерекесі аясында облыс орталығында көптеген шаралар өткізу қамтылған.

​Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған мереке басталды

Мерекені кеше Қостанай қаласындағы жаңа әсем ғимаратта өткен «Шәмші әлемі» концерті бастады. Бүгін белгілі мүсінші Хакімжан Наурызбаевқа қойылған мүсіннің белгілі өнер және әдебиет майталмандары әрі талантты мүсіншінің замандас інілері Асанәлі Әшімовтың, жазушы Төлен Әбдіктің, Қойшығара Салғараұлының қатысуымен салтанатты ашылуы өтті.

Мереке орталық алаңда өтетін «Ару қалам – Қостанайым!» атты салтанатты кешкі бағдарламамен жалғасып таппақ. Онда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлықтарды мерекемен құттықтайды, «Қостанай облысының құрметті азаматы», «Қостанай қаласының құрметті азаматы» төсбелгілері тапсырылады. Әрине, мереке сәнін ән мен жыр келтіреді, қостанайлықтар Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала концертін тамашалайды, мерекелік отшашуды қазатайды.

Қостанай

Бөлісу:
​Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған мереке басталды   · Egemen Qazaqstan