Спорт
1 мин оқу 242

Халықаралық жарыстан 10 медаль олжалады

<p style="text-align: justify;">Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогы аяқталды. Халықаралық турнирге қазақ&shy;стандық 20 атлет қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.</p>

Халықаралық жарыстан 10 медаль олжалады

Үш қарғып секіруден Мария Овчин­никова, 110 метрге кедергілер арқылы жү­гіру бойынша Давид Ефремов және 1500 метрге жүгіруден Алексей Гусаровтар алдына жан салмады. Ал 800 метр қашықтыққа жүгіруден Абдулазиз Абдукаюмов, ұзын­дыққа секіруден Марина Хусейнова, спорт­тық жүріс бойынша Виталий Терехин және ядро лақтыру сайысында Екатерина Нестерова алтынға қолжетім жерде сүрініп, күміс медаль иеленді.

Евгений Прокудин (110 метрге кедер­гілер арқылы жүгіру), Виталий Земс (100 метр), Екатерина Нестерова (балға лақтыру) Өзбекстан ашық кубогының қола жүлдегері атанды.

Бөлісу:
Халықаралық жарыстан 10 медаль олжалады · Egemen Qazaqstan