Спорт
1 мин оқу 256

Головкин келесі жекпе-жегін ресми жариялады

<p style="text-align: justify;">Әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін ресми жариялады. Бұл туралы ол <a href="https://twitter.com/GGGBoxing/status/1164205295138029569">Twitter</a> парақшасында жазды.</p>

Головкин келесі жекпе-жегін ресми жариялады

«5 қазан күні тамаша жекпе-жек болады. Рингке шыққан сайын мен өз фанаттарым көргісі келетін жекпе-жек өткізуге тырысамын. Big Drama Show Мэдисон Сквер Гарден рингі мен DAZN-ге қайта оралады. Нью-Йоркте көріскенше»,- деп жазды Головкин Twitter парақшасында.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы украиндық Сергей Деревянченкомен IBF титулы үшін жұдырықтасатыны айтылған. Жекпе-жек қазан айында Нью-Йорк қаласында «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.

Бөлісу: