Алматыда 10 мыңнан астам адам тегін медициналық бақылаудан өтті
<p style="text-align: justify;">Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасы 1 тамыздан бастап қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін жылжымалы мобильді кешендерді халық арасына жіберген болатын. Кешендердің барлығы қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. </p>

Қазіргі кезде медиктер мегаполистің 40-тан астам шет аймақтарында болып, 10 мыңнан астам қалалықтарға тегін медициналық қызмет көрсетті және кеңестерін берді.
Айлықтың мақсаты – бір қадам жақын қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Өйткені, халықтың көпшілігі алдын-ала медициналық бақылаудан өту үшін емханаларға уақтылы бара бермейді.
Жалпы бақылау кезінде жүрек–қан тамырлары патологиясының кең тарағаны анықталды. Қан қысымының көтерілуі - гипертония 80%-ды құрайды. Алғаш рет медициналық бақылаудан өткендер арасында «қант диабетіне» шалдыққандар да анықталды.
Медицина қызметкерлері көпшілік арасында міндетті медициналық сақтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жоғары деңгейде жүргізуде.

