Президент
1 мин оқу 422
Президент Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысын қабылдады
<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. </p>

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұйымның қазіргі жұмыстарының негізгі бағыттары, соның ішінде биыл қазан айында Бакуде өтетін Түрік Кеңесінің саммитіне дайындық барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер арасында экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға маңызды үлес қосып келе жатқан Кеңес аясындағы өзара ықпалдастыққа Қазақстанның дәстүрлі түрде зор мән беретінін атап өтті.
Бөлісу:
