Руханият
1 мин оқу 510

Нобель сыйлығына үміткерлер келеді

<p style="text-align: justify;">Сонау бір жылдары, нақтырақ айтсақ, осыдан&nbsp; 43 жыл бұрын Әнуар Әлімжанов ағамыз Жазу&shy;шылар одағы басқармасының төр&shy;ағасы болып тұрған кезде Азия, Аф&shy;рика жазушыларының конференциясы болған деп еститінбіз. Кеңестік кезеңнің де жақсы дүниелері болды. Кеңестік идеология әдебиетті басты қаруы ретінде, тәрбие құралы ретінде пайдаланды әрі үлкен қолдау көрсетті, жазушыларға қамқорлық жасады.</p>

Нобель сыйлығына үміткерлер келеді

Кейінгі жылдары әдебиеттер байланысы үзіліп қалды. Дү­ние­жүзілік әдеби процестің құ­­рам­дас бөлігі ретінде қазақ әдебиеті де дамып келеді. Енді осы  өткізілгелі отырған Азия елдері жазушыларының І форумы 4-6 қыркүйек арасында Нұр-Сұлтан қаласында басталмақшы. Негізгі мақсат – жалпы қоғамдағы әдебиеттің рөлін көтеру,   жазушы мәртебесін асқақтату. Сол арқылы әдебиетті басты тәрбие құралына айналдыруға ықпал ету.

Форумда көптеген мәселе көте­ріледі. Мәселен, Оңтүстік Ко­рея­ның танымал жазушысы Ко Ын «ХХІ ғасыр  поэзиясындағы жалғыздық мәселесі» деген та­қырыпта баяндама жасайды. Қа­тар елінен келетін Нобель сый­лығына үміткер Моза әл-Малки «Әлемдік әдебиеттегі Азия адамының бейнесі», Дүниежүзілік Ақындар конгресінің президенті, монғолиялық Менд –  «Азия поэзиясының әлемдік әдебиетке әсері» деген тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Әзербайжан Жазушылар ода­ғы­ның төрағасы Анар Рзаев, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб бей Өмероғлы түркі тектес әдебиеттің бүгінгі хал-ахуалы туралы сөз қозғайды.

Қазақстаннан Олжас Сүлей­менов, Төлен Әбдік, Қабдеш Жұмаділов, Әнес Сарай, Бек­сұл­тан Нұржекеұлы, т.б. жазу­шыларымыздың сөз сөйлеуі күтілуде.

Еліміздің барлық өңірлерінен, Алматы мен астанадан 200-дей қа­ламгер қатысады. Азияның Жапония, Малайзия, Қытай, Сауд Арабиясы, Иордания, Оңтүстік Кореясынды 40-қа жуық елінен делегат келмекші.

Біздің қаламгерлеріміздің шы­­ғар­малары сол елдерге, ал Азия мем­лекет­тері  жазушылары шығармалары біздің тілі­мізге аударылмақшы. Мұндай үл­кен  халықаралық басқосудың әде­биетіміздің  көшінің ілгері дамуына айтарлықтай ықпал ететініне сенемін.

Бауыржан ЖАҚЫП,

ақын

Бөлісу:
Нобель сыйлығына үміткерлер келеді · Egemen Qazaqstan