Жарнама
 
Әлем
1 мин оқу 230

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» ұлттық павильонына барды

<p style="text-align: justify;">Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен қалпына келтірілген &laquo;Қазақстан&raquo; ұлттық павильонын аралап көрді.Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» ұлттық павильонына барды

Павильонға кіре берісте келген қонақтарға арнайы «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры мен балет труппасының орындауында «Ел Салтанаты» вокалды-хореографиялық композициясының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, павильон қонақтары табиғи және экологиялық таза өнімдер мен ұлттық тағамдар ұсынылған қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерінің көрме-жәрмеңкесін қарап шықты.

Бірегей көрме кешенінің экспозициясымен танысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин павильонның «Құрметті қонақтар кітабына» жазба қалдырды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Президенті Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына арналған ҚР Ұлттық музейінің көрмесін тамашалады. Көрмеге б.э. дейінгі VIII – VI ғасырларға жататын 30-дан астам бірегей экспозия қойылған.

Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» ұлттық павильонына барды · Egemen Qazaqstan