Қазақстан
1 мин оқу 322
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
<p>Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Сонымен қатар, Елбасына «Jas Otan» жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.
Сондай-ақ, Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы баяндады.
Кездесу соңында партия Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу:
