Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 654

БОСҚЫНДАР МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Қазақстан Республикасындағы өңірлік үйлестірушісі Сабер Азаммен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.<!--more-->

Келіссөз барысында босқын­дарға, соның ішінде төтенше жағдайларда да көмек көрсету, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау тетіктерін дамыту мәсе­лелері талқыланды.

Сабер Азам Үкімет басшысына БҰҰ Жоғарғы комиссары бас­қар­масы өкілдігінің қызметі туралы хабарлап, Қазақстанның босқын­дардың ел аумағындағы мәртебесін айқындайтын босқындар туралы заңды қабылдағанына қолдау білдірді.

Бөлісу: