Аймақтар
1 мин оқу 435

Ақтөбеде «Аспан-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе&nbsp; облысының әкімі&nbsp; Оңдасын Оразалин&nbsp; Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты &laquo;Ақтөбе&raquo; аэродромында болып,&nbsp; әскери техникалармен танысты.&nbsp;&nbsp;&nbsp; Ұлттық гвардия бөлімшелері, Ақтөбе облысының&nbsp; Полиция департаменті мен&nbsp; ТЖД&nbsp; мамандары&nbsp; ұйымдастырған&nbsp;&nbsp; &laquo;Аспан-2019&raquo; арнайы&nbsp; тактикалық&nbsp; оқу-жаттығуын көрді.&nbsp;</p>

Ақтөбеде   «Аспан-2019»  арнайы тактикалық оқу-жаттығуы  өз мәресіне жетті

Іс-шараға Қазақстан Қарулы Күштері аумақтық штабы департаментінің бастығы Сұлтан Камалетдинов, Ақтөбе облысы  Қорғаныс  істері жөніндегі департамент  басшысы Сейіткерім  Арапбаев, 6655 әскери бөлімінің командирі  Мирас  Тұрдалин, , Ақтөбе гарнизонының бастығы,  30238 әскери бөлімінің командирі Руслан Өтепов қатысты.  

«Оқу-жаттығу   Мемлекет басшысының  жедел және жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.  Сондай-ақ аумақтық қорғаныс  бригадасының  стратегиялық  обьектіне  күзету  мен қорғау іс-қимылдарына жауынгерлік әзірлігін тексеру,  командалық құрамның кәсібилік дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі», деді облыс басшысы. 

Оқу-жаттығу бойынша  60 азамат  заңсыз Мемлекеттік шекарадан өтіп, облыс аумағына кіреді. Содырлардың мақсаты-Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында диверсия жасау. Содырлардың диверсиялық-барлау тобы алдын ала мәліметтер бойынша атыс қаруымен, пулеметтермен, гранатометрлермен, тасымалданатын зениттік кешендермен, жарылғыш құрылғылармен және уландырғыш заттармен қаруланған.

Үш күнге жалғасқан  оқу-жаттығуға  200-ге жуық адам қатысты.  Ми-8 тікұшағы,  Як-40 ұшағы, өрт сөндіру және санитарлық автомобильдер, сондай-ақ қызметтік-іздестіру иттері мен , әскери техника  жұмылдырылды. 

Оңдасын Оразалин   Ақтөбе облысы  Қорғаныс  істері жөніндегі департамент  басшысына  мұндай оқу-жаттығуларды  жиі ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Бөлісу:
Ақтөбеде «Аспан-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті · Egemen Qazaqstan