Аймақтар
1 мин оқу 370
Сисем атадағы ас мүшәйрасында жеңімпаз ақындар анықталды
<p style="text-align: justify;">Маңғыстауда өткен жалпыхалықтық аста Сисем ата және аталмыш пантеонда жатқан есіл ерлердің рухына өлең арнаған ақындар өзарар сайысқа түсті.</p>

Республиканың бірнеше өңірлерінен 15 ақын қатысқан сайыста маңғыстаулық ақын Асылбек Жаңбырбай «Сисем ата» өлеңімен 1-орынды иеленіп, 500 мың теңге жүлдені иеленді. 2-орынға тігілген 300 мың теңгені Алмас Алтай «Үстірттің ернеуінде үнсіз ауыл» өлеңімен иемеденсе, 3-орынға Бақтыбай Жайлаудың «Қожаназар мырза мазары басында» өлеңі лайықты деп танылып, 200 мың теңгені еншіледі.
Жалпы ас деректері, мүшәйраға қатысқан ақындардың өлеңдері жинақ болып басылып шығады деп күтілуде.
Бөлісу:
