Аймақтар
1 мин оқу 210
Алматыда жиһаз қоймасы өртенді
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының өрт сөндіру қызметіне түскен дабыл қаланың Жетісу ауданындағы Ратушный көшесі, 84 «А» мекен-жайында орналасқан «Ariba» ЖШС жиһаздар цехынан өрт шыққанын мәлімдеді. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру қызметі жалынның тарап кетуінің алдын алып, қаланың барлық су тасу құрылғыларын жұмылдырды.</p>

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кәкімов өрттің 1200 шаршы метр аумақты шарпығанын айтып, цех маңында орналасқан барлық газ құбырлары өшірілгендігін жеткізді. Өрт сөндіру қызметіне 60-қа жуық жеке құрам қатысып, Төтенше жағдайлар департаментінің 20 техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде аумақ полиция қызметінің бақылауында.
Бөлісу:

