Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 676

БАСТАМА КӨТЕРДІ

“Жолаушылар тасымалы” ак­цио­­нерлік қоғамының ұжымы Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты “Қызылағаш” елді ме­ке­нінде бөгеттің бұзылып ке­туі­нің ке­сірінен қаза болғандарға кө­мек көр­сету мақсатында жергілікті жер­лердегі филиал­дарымен желілік байланыс жасай отырып, жалпы жи­налыс өткізді.<!--more--> Онда қоғам пре­зиденті  Байдалы Дәрімбетов қаза болғандардың отбасыларына темір­жолшылар атынан қайғырып көңіл айтты. Бір күндік жа­ла­қы­ла­рын осынау тасқында жапа шек­кен­дердің отбастарына аудару жө­нінде бастама көтерді. Тек Қы­зыл­ағаш ауылы ғана емес, баршаның қай­ғысына айналған оқыс оқиғаны түсінген көпшілік бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

“Егемен-ақпарат”.

Бөлісу: