Президент
1 мин оқу 222

Президент белгілі француз саясаткері Жак Атталиді қабылдады

<p>Мемлекет басшысы белгілі француз саясаткері, &laquo;Attali and Associ&eacute;s&raquo; ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Президент белгілі француз саясаткері Жак Атталиді қабылдады

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Еуропа елдерінің Орталық Азиямен өзара іс-қимылдары, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңғырулардың ілгерілеуі талқыланды.

Француз саясаткері, Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізін қалаушы әрі тұңғыш басшысы Жак Аттали Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазіргі құбылмалы әлемдегі күрделі ахуалда Қазақстан тұрақтылық пен орнықты дамуды сақтап отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасында әрқашан бейбітшіл саясат ұстанатынына, өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестікке ашық екеніне, сондай-ақ шетелдік капиталды тартып, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп отырғанына баса мән берді. 

Бөлісу:
Президент белгілі француз саясаткері Жак Атталиді қабылдады · Egemen Qazaqstan