Жарнама
 
Руханият
1 мин оқу 640

«Қашқын» телехикаясы: адам мен қоғам апогейі

<p class="2018-" style="text-align: justify;">&laquo;Qazaqstan&raquo; Ұлттық телеар&shy;насы түсірген детектив жанрын&shy;&shy;дағы алғашқы телехикая кө&shy;рерменге жол тартты. Жұ&shy;мыс күндері &laquo;Қашқын&raquo; атауы&shy;мен эфирге шығатын туынды қоғамның өзекті мәселесіне ай&shy;налып отырған жемқорлық, теріс діни ағымдардың әсері, дәс&shy;түрдің құнсыздануы, отбасы құн&shy;дылықтары сияқты сан түрлі тақырыптарды арқау етеді.</p>

«Қашқын» телехикаясы: адам мен қоғам апогейі

Сонымен қатар телехикая бүгінгі замандағы құқық қорғау өкілдерінің аса қауіпті қылмыскерлердің жолын кесудегі кәсіби жұмысы мен қоғам ал­дындағы ауыр міндетін ашып көрсетеді.

«Жемқорлық пен ашкөздік жай­лаған қоғамда сенім, бірлік, бауыр­малдық жоғалады. Жаңа туынды биік адамгершілік қасиет пен адал еңбек жолы ғана қоғамды жақсылыққа жете­лейтінін, адами өрке­ниеттің негізі таза жолмен қызмет ету екенін ашып көрсетуді мақсат тұтады. Телехикая оңай жерден олжа іздеген жанның қай­шылыққа толы, жағымсыз өмірін бейнелеу арқылы өзгелерге ой салуды көздейді. Туындының негізгі идеясы – айналасына зиянын тигізетін адамның өмірі тығырыққа тірелетінін, заң әділдігінің қай кезде де үстемдік құратынын көрсету», дейді «Қазақстан» ҰТА Эфирлік саясат дирекциясының директоры Бағжан Бимұратова.

кино

Басты рөлдерді Қазақстанның ха­лық әртісі Тілектес Мейрамов, Қазақ­станның ең­бек сіңірген қайраткері Бауыр­жан Қап­тағай сынды елімізге белгілі таны­мал актерлар сомдайды. Телехикая «Qazaqstan» Ұлт­тық телеарнасынан ап­таның жұмыс күндері 21:30-да көр­сетіледі.

 «Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
«Қашқын» телехикаясы: адам мен қоғам апогейі · Egemen Qazaqstan