Экология
1 мин оқу 4,300

«Эко-сағат» акциясы басталады

<p style="text-align: justify;">Ертең, яғни 3 қазанда Қазақ&shy;стан&shy;дағы барлық мек&shy;тепте &laquo;Эко-сағат&raquo; кең көлемді акциясы басталады. Бұл туралы еліміздің Эко&shy;логия, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.</p>

«Эко-сағат» акциясы басталады

«Достар, осы бейсенбіде еліміз­дің барлық мектептерінде «Эко-сағат» атты факультатив оқытыла бас­тайтынын қуана хабарламақпын. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 3 қазанда Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні аталып өтеді», деп жазды министр Twitter-дегі өз парақшасында. Министрдің де­регі бойынша, акцияға Үкімет мү­шелері, өңір әкімдері қатысады. Министрлер мен әкімдер респуб­лика мектептерінде сабақ өткізіп, содан кейін оқушыларға ағаш отырғызуға көмектеседі.

«Біз бұл күні Қазақстанда 200 мыңнан аса ағаш отырғызылады деп үміттенеміз. Қазақстанда «эко-сағат» өткізу дәстүрге айналып, халықты экологиялық тұрғыда тәрбиелеуге едәуір үлес қосады деген ойдамын», деді Экология министрлігінің басшысы.

Жоспар бойынша, акцияға Қазақ­стандағы 6 мың мектеп пен 2 млн оқушы қатысады. Ал 12 қазанда еліміздің бар­лық тұрғындары аталған акцияны жал­ғастырмақ.

Бөлісу:
«Эко-сағат» акциясы басталады · Egemen Qazaqstan