Әлем
2 мин оқу 1,074

Қазақстанның даму бағыты айқын

<p style="text-align: justify;">Коммунис&shy;тердің 70 жылдық билігі Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени құрылымына күшті ықпалын тигізді. Бірақ арада Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ішкі және сыртқы салаларда ірі жетістіктерге қол жеткізуіне куә болып отырмыз.&nbsp; Соңғы жылдарда Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеу&shy;мет&shy;тік және мәдени өзгерістер оң бағытта дамыды.</p>

Қазақстанның даму бағыты айқын

Бұл жетістіктер жаңа Қазақ­станның негізін қалаған, осы елдің экономикалық және сая­си дамуының сәулетшісі Нұрсұл­тан Назарбаевтың сындарлы сая­сатының жемі­сі. Ол бұрынғы Кеңес Одағы­нан мұраға қал­ған ме­шеу экономикаға ие Қазақ­стан­ды әлеуметтік, адам құқығы мен де­мократия салаларында әлем­­дік талаптарға жауап бере­тін да­мыған мемлекетке айналдырды.

2019 жылы Н.Назарбаев мырзаның жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа би­лік­ті бейбіт түрде беруі Қазақ­­­стан­дағы демократияның бір үлгісіне жатады. Бұл Қазақ­станға көрші елдер үшін тосын жайт.

Орталық Азия және Кавказ елдеріне көз жүгіртсек, осы ел­дер­дің өткен 27 жылда саяси, эко­но­микалық және мәдени дамуына кедергі бол­ған ұлтаралық және діни қақтығыстарға куә бола­мыз. Бірақ Н.Назарбаев мырза­ның қырағы саясаты ұлт­тық мүддені қорғау және қауіп­сіз­дік мәселелерінде осы ел хал­қының бірлігіне және Қазақ­стан­ның әлемдегі демокра­тия­лық әрі дамыған ел ретінде танылуына жол ашты.

Қазақстанның аймақ пен әлемдегі ерекше рөлі мадақ­тауға лайық. Алматы­да Иран­ның ядро­лық келіссөз­дері­нің өткі­зілуі, Нұр-Сұлтан­да Сирия­да бейбітшілік орнату үшін оты­рыстардың ұйымдастырылуы, Қазақ­стан­ның ШЫҰ-ға мүшелігі, ИЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстан халқы мен үкіметі үшін үлкен жетістік.

Сондықтан Президент Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың ел хал­қына Жолдауы Қазақ­стан­ның дамуын, қауіпсіздігін қам­тама­сыз етуге бағытталған әрі Н.Назарбаев мырза қалап кеткен елдің дамуы бағытын одан әрі жа­л­ғастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Президентінің Жолдауында өте маңызды мә­се­лелерге мән берілген:

- мемлекеттік органдар мен халықтық ұйымдарда демократияны нығайту. Азаматтардың құқығы үкіметтік құрылымның негізі болып табылады;

- экономикалық дамуға қол жеткізу, Қазақстанның дамуы және оны халықаралық айдында дамыған елге айналдыру үшін ғылым мен жаңа технологияларды пайдалану;

- ұлттық татулық, Қазақ­стан азаматтары ретінде бар­лық этностардың құқық­тары­на құрмет көрсету, діни ғұрып­тарын жасауына көмектесу, үкіметтің жаңа Қазақстанның негізі болып табылатын ха­лық­тың бар­лық азаматтық құқықтарын қолдауы;

- сыртқы саясатты дамыту, халықаралық айдында белсенді рөл ойнау үшін ай­мақ және әлем елдерімен халық­аралық байланысты нығайту, мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан хал­қы­ның жетістіктерін, техно­ло­гияларды игеруін, демо­кра­тиялық үкіметін паш ету.

Қазақстан Президент­і­нің Жолдауы саяси, экономика­лық, қауіпсіздік және мәдени салаларда нұсқаулық және жол картасы болып табылады. Оппозицияның наразы­лық біл­діру құқығын мо­йындап қана қоймайды, сонымен қатар келіссөздер және ұлт­­тық татулық пен бірлікті сақтау үшін пайдалы жолдарды ұсынады.

 Миргасем МУМЕНИ,

«Чешмандозе аброре навин» зерттеу орталығының бас директоры, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы (Иран)

Бөлісу:
Қазақстанның даму бағыты айқын · Egemen Qazaqstan