Саясат
1 мин оқу 181

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

<p style="text-align: justify;">Әзербайжанның астанасы Баку қаласына келген Қазақ&shy;стан&shy;ның Тұңғыш Президенті &ndash; Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесіне төрағалық еткен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.</p>

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты кездесу бары­сында Түркі әлемінің ынты­мақ­тас­тығын одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды.

– Қазақстан Түркі елдерінің барлығымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бүгінге дейін Түркі елдері басшыларының кездесулеріне түгел қатысып келемін. Мен Кеңестің көптеген институтын құруға бастама көтердім. Ең маңыздысы – ел­деріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, – деді Елбасы.

Ал Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Елбасы Қазақ еліне ғана емес, Түркі елдеріне де құрметті тұлға екенін атап өтті.

– Орталық Азияның, жалпы Түркі әлемінің өркендеуі үшін көп жылдар бойы қызмет етіп келесіз. Түбі бір туысқан халық­тардың бірлігін нығайтуға қос­қан үлесіңіз орасан зор. Түркітілдес мемлекеттердің ынты­мақ­тастық кеңесінің Құрметті Төр­ағасы болып төрге шық­қаны­ңыз құтты болсын. Мен сіз­бен мақтанамын, – деді С.Жээн­беков.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ,

«Egemen Qazaqstan» – Бакуден (Әзербайжан)

Бөлісу:
Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті · Egemen Qazaqstan