Қоғам
2 мин оқу 863

Студенттерге жемқорлықпен күресу жолдары түсіндірілді

<p style="text-align: justify;">Студенттер арасында жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында &laquo;Парасыз сессия&raquo;, &laquo;Таза сессия&raquo;, &laquo;Адал жол&raquo;, акциялары тұрақты түрде ұйымдастырылып, &laquo;Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу&raquo; тақырыбында семинар өтіп тұрады.</p>

Студенттерге жемқорлықпен күресу жолдары түсіндірілді

Осы бастамаға орай, Алма­тыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қи­мыл агент­тігінің «Sanaly urpaq» респуб­ликалық жобалық кең­сесінің басшысы Қайыржан Токушевпен кездесті.

Жиында Қ.Токушев Жоба­лық кеңсенің негізгі қызметі туралы баяндап, оны жоғары оқу орындарында ашудағы мақсаты мен міндетін айтты.

– Ұрпақ тәрбиесі ең алдымен мектеп пен университет қабырғасында қалыптасады. Бала­ның дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының, қоғам­мен қарым-қатынасының бас­тауында ата-анасы мен ұстаздары үлкен рөл атқарады. Сондықтан жастар тәрбиесіне бәрі­міз жауаптымыз. Кез келген оқу орны үшін сапалы білім бірінші кезекте тұруы тиіс. Міндетіміз – қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жүргізу, ортақ әдіс-тәсілдер енгізіп, жастармен жан-жақты жұмыс істеу. Сонымен қатар еліміздің білім беру жүйесі арқылы жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың ең үздік тәжі­рибесі екенін көрсетіп, одан бас тартатын ортаны кеңей­ту басты мақсатымыз, – деді Қ.Токушев.

Кездесу барысында Қыздар университетінің 100 студенті «Sanaly urpaq» республикалық жобалық клубына мүшелікке қабылданды.

Басқосуды оқу орнының Әлеу­меттік даму жөніндегі про­ректоры міндетін атқару­шы Жаңагүл Сұлтанова қоры­тындылап, университетте сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Оның айтуынша, универ­ситеттің тәрбие, оқу және ғы­лым үдерісінде әдептілік қағи­даларын сақтау басты назар­ға алынған. Бұл тұрғыда «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы мәде­ниет негіздері» атты пән оқу бағ­дарламасына енгізілді. Аталған пән студенттердің саналы түрде және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады.

Кездесу аясында Қ.Токушев студенттердің өзін өзі басқару және демалыс орнының қыз­метімен танысты. Оқу орнының бас ғимаратының база­сында жақында ашылған бұл орталықта білімгерлер өзде­рін жан-жақты дамытып, қоғамдық белсенділігін арт­тыруға мүмкіндік алмақ. Сон­дай-ақ түрлі бастамалар мен жобаларды іске асыруды талқы­лайды.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Студенттерге жемқорлықпен күресу жолдары түсіндірілді · Egemen Qazaqstan