Парламент
2 мин оқу 140

Халықаралық қаржы орталығында болды

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Жоғарғы палата депутаттары &laquo;Астана&raquo; халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.</p>

Халықаралық қаржы орталығында болды

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов сенаторларды орталықтың, оның органдары мен ұйым­дарының қызметімен таныстырды, сондай-ақ әлем­дік қаржы нарығының бар­лық өзекті үрдістері еске­рілетін жаңартылған да­му стратегиясы әзір­ле­ніп жатқаны туралы хабарлады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы «100 нақты қа­дам» Ұлт жос­па­рының бес тармағына сәйкес құ­рыл­ған болатын. Қазіргі уа­қытта бес тап­сыр­маның бәрі орындалды немесе іске асудың қар­қынды сатысында тұр.

Басқарушының ай-
туын­ша, АХҚО жұмы­сы­ның мақсаты Қазақстан эконо­микасын нығайтуға жан-жақты қолдау көр­сету болып табылады. Ол үшін Орталыққа капи­тал­дың жергілікті нары­ғын дамытуға және оны әлем­дік нарықтармен ық­пал­дас­тыруға, сон­дай-ақ ұзақ мер­зімді келешекте Қазақ­станның инвестициялық тар­тымдылығын арт­ты­руға байланысты ауқымды міндеттерді орындау тапсырылды.

Сенаторлар АХҚО соты мен Халықаралық төре­­лік орталығының, АХҚО Қаржы қызмет­терін рет­теу жөніндегі коми­те­ті­нің (AFSA), Astana Interna­tional Exchange (AIX) бир­жасының, Экспат орта­лығының және үздіксіз кәсіби даму бюросының өкіл­дерімен кездесті.

АХҚО сотының және Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт Сенат депутаттарына 2019 жылы ақпанда іске қосылған және дауларды онлайн шешуге мүмкіндік беретін eJustice жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетті. Ол сондай-ақ АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының білім беру бағдарламасы аясында жалпы ағылшын құқығы негіздеріне 500-ден астам қазақстандық оқығанын хабарлады.

AIX биржасы мемле­кет­тік активтерді жекеше­лендіру бағдарламасын жү­зеге асыруда тиімді алаңға айналды. 2018 жы­лы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоға­мы­ның орналасуы нәти­желі болды деп танылды, 2019 жылы AIX-ке қо­сымша акциялар пакеті шы­ғарылды. Қазіргі уақыт­та «Қазақтелеком», «Эйр Астана» және «Қаз­Мұ­найГаз» акционерлік қоғамдарының листингі пысықталуда.

Сенаторларға сондай-ақ АХҚО-ның негізгі даму бағыттары – ислам қар­жысы, қаржы технология­лары, «жасыл» қаржы таныстырылды.

Сенат Төрағасы Да­риға Назарбаева АХҚО-да болудың нәтижесі бойынша халықаралық қаржы орталығының сыртқы және ішкі нарықтағы қыз­меті туралы кеңінен хабар­дар ету қажеттігін атап өтті. Дариға Назарбаева АХҚО қызметкерлерінің жұ­мысы табысты болуы­на тілектестігін жеткізе ке­ліп: «Әлемдік қаржы мұ­хи­­тындағы үлкен кеме болуларыңызды қалай­мыз», деді.

Бөлісу:
Халықаралық қаржы орталығында болды · Egemen Qazaqstan