Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 510
Ең қысқа әңгіме. Гаухар Уткельбаева

Бумеранг
- Әулетімізде ұры, ұрлық жасайтын адам болмаған. Сен кімге тартып ұры болдың? - деп сыныптасының телефонын ұрлап келген баласын ременмен сабады әкесі. Ал өзінің мектептің от жағушысы болып істеген он жеті жылында үйіне бірде-бір рет көмір сатып алмағаны ойына да кіріп шықпады.
Гаухар Уткельбаева
Бөлісу: