Спорт
1 мин оқу 196

Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандықтар екі қолаға ие болды

<p style="text-align: justify;">Ухань қаласында өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржыны екі қола медальға толықты. АОСК құрамына жүлдені грек-рим күресінен армия спортшылары әкелді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.<br /><br /><br /></p>

Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандықтар екі қолаға ие болды

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыста ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Айдос Сұлтанғали үшінші орынға иеленді. Ол Үндістан палуаны - 2019 жылғы Азия Чемпионатының қола жүлдегері Гьянендера Дахияны 6:3 есебімен жеңді.

76 келіге дейінгі салмақта армия спортшысы Гүлмарал Еркебаева Литва чемпионы Грета Стэпонитені 10:0 есебімен жеңіп, ел қоржынына екінші «қоланы» әкелді.

Бес күндік жарыс қорытындысымен медаль саны жағынан ойын қожайыны – Қытай көш бастап тұр. Қазақстан құрамасының қоржынында – бір алтын, бір күміс және үш қола бар.


Бөлісу:
Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандықтар екі қолаға ие болды · Egemen Qazaqstan