Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 610

Ең қысқа әңгіме. Ауғанбай Санақұлы

Ең қысқа әңгіме. Ауғанбай Санақұлы

Есілбай елге келді. Есіл ел – еміренді,  туған жер – тебіренді. Жүрек тұсы шымырлады, самал жел сыр ұрлады.

Еділбай елге келді. Елі еміренбеді, туған топырақ тебіренбеді. Құстардың қаңқылынан басқасы, тек үндемеді. Тастап кеткенің не дегендей  тегінде мені?!

 

Ауғанбай САНАҚҰЛЫ

Бөлісу: