Қазақстан
2 мин оқу 810

Баспасөзге жазылу басталды

<p style="text-align: justify;">Жақында &laquo;Қазпошта&raquo; акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында кезекті мерзімді баспасөзге жазылу науқанына арналған акция өтті. Жыл сайын &laquo;Қазпошта&raquo; АҚ мерзімді басылымдардың өкілдері мен қалалық оқырмандардың арасында баспасөзге жазылу күнін өткізеді. Бұл күні оқырмандар өздерінің сүйікті газет-журналдарына жазылып, редакция өкілдеріне сауалдарын қойып, шара барысында жылы лебіздерін арнап, мәре-сәре болып қалады.</p>

Баспасөзге жазылу басталды

Үстіміздегі жылдың 9 айы­­ның қорытындысы бойын­ша «Қазпошта» арқылы Қазақ­станда газет-журналдарға жа­зы­лудың жалпы көлемі 108 363 590 дананы құраған.

Айта кететін тағы бір жайт, Республикалық газеттердің үздік бестігіне «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Ана тілі», «Казах­станская правда» және «Ұйғыр авази» басылымдары кірген. Аймақтық көшбасшылар арасында – «Жетісу», «Ақтөбе», «Ог­ни Алатау», «Аq Jol», «Юж­­­ный Казахстан» газеттері бар. Ел бойынша барлығы 204 рес­публикалық және 521 аймақтық газет жазылым бойынша таратылады. Жазылудың жалпы көлеміндегі республикалық басылымдардың үлесі 45%-ды, өңірлік басылымдардың үлесі 54%-ды құраған. Тираждың 1%-ы халықаралық мерзімді басы­лымдарға тиесілі. Қазақ­стандықтар Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украинаның 3 мың­­нан астам газет-журналдарына Қазпошта арқылы жазылу мүмкіндігіне ие.

«Статистика жазылу тира­жының төмендегенін көрсетті. Өткен жыл қорытындысы бо­йынша жазылудың жалпы көлемі 127,8 млн дананы құ­рады. Биыл қараша мен желтоқ­сан айларына жазылу әлі жал­ға­суда және жыл соңында көр­сеткіштер шамалы өседі. Бірақ тұтастай алғанда өткен жылдың көрсеткішінен аспайды. Біз электронды басылымдарға көшу – қазақстандық статис­тиканы рас­тайтын жалпы әлемдік тренд екенін түсі­не­міз», деді «Қазпошта» АҚ «Нұр-Сұлтан» филиа­лы дирек­торы­ның орынбасары Жандос Жаңабергенұлы.

«Қазпошта» АҚ маманда­рының мәліметінше, газет-жур­налға жазылу ауылдарда көп тіркелген. Барлық таралымның 73%-ы соларға тиесілі. Ауыл тұр­­ғындары облыстық, қалалық және аудандық басылымдарға жазылғанды (жалпы тираждың 58%-ы) жөн көреді. Жазылу бойын­ша Қазақстанның өңір­лері арасында Алматы, Қы­зылорда, Қарағанды және Жам­был облыс­тары көш бас­тап тұр. Қазірдің өзінде 2020 жылға жазылу бас­талып кетті. Баспасөзге жазылуды кез келген Қазпошта бөлім­шесінде ресімдеуге болады.

Бөлісу:
Баспасөзге жазылу басталды · Egemen Qazaqstan