Қазақстан
1 мин оқу 195

Қаржы министрлігінде сарапшылар бас қосты

<p style="text-align: justify;">Қаржы министрлігінде Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының қаржы департаменттерінің бухгалтерлік есеп пен шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауға жауапты қызметкерлеріне арналған &laquo;Бюджеттің орындалуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау&raquo; атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қаржы министрлігінде сарапшылар бас қосты

Дөңгелек үстелге қатысушыларға мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ қаржы бөлімдерінің бас бухгалтерлеріне мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу және бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау ережелері түсіндірілді, шоғырландырылған қаржылық есептемені дайындауда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.

Қатысушылар сондай-ақ мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жиі қойылатын сұрақтарға (негізгі құралдарды есепке алу, дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу, активтерді уақтылы бермеу және есептен шығару туралы) түсініктемелер алды.

Бөлісу: