Президент
1 мин оқу 240

Президент «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігіне барды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында &laquo;Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы&raquo; қоғамдық бірлестігінің БЦСА балаларға арналған белсенді оңалту және ерте жастан қолдау орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Президент «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігіне барды

Орталық  мүгедек балалар мен қимыл-тірек аппаратында ақауы бар 18 жастан асқан адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге мамандандырылған. Қасым-Жомарт Тоқаев оңалту бөлмелерін аралап көріп, қызметкерлермен әңгімелесті. Мемлекет басшысына балалар мүгедектігінің алдын алуға, БЦСА-мен ауыратын балаларды көпжақты оңалтуға және жан-жақты әлеуметтік тұрғыдан жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Президент аталған жобаның ізгі мақсатын атап өтіп, оны бүкіл Республика көлемінде таратудың маңыздылығын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай мекемелерді мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерінің және демеушілердің қаржысына ашу қажет.

Соңында Мемлекет басшысы Орталыққа арнайы жабдықталған шағын автобус тарту етті.

Бөлісу: