Президент
1 мин оқу 430
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар поезында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. </p>

– Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан Сізге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Сондай-ақ жантүршігерлік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.
Бөлісу:
