Спорт
1 мин оқу 1,010

Елизавета Синельникова – джиу-джитсудан әлем чемпионы

<p style="text-align: justify;">Греция мемлекетінің Крик аралында өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз 48 келі салмақта топ жарып, алтыннан алқа тақты. Жеңістің жалауын желбіретіп келген споршы қызды жерлестері қуана&nbsp; қарсы алды.</p>

Елизавета Синельникова – джиу-джитсудан әлем чемпионы

Елизавета облыс орталығындағы №2 орта мектептің 9 сынып оқушысы. Спорттың осы түрімен бес жылға жуық айналысуда. Джиу-джитсудан өткен Қазақстан чемпионатында да сан мәрте мерейі үстем болған.Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі жарыста  жерлесіміз ел үмітін ақтады. Әлемнің әр қиырынан келген 500-ге жуық спортшының арасынан өз салмағында топ жарды.

Мен 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түстім. Барлығы 4 кездесу өткіздім. Абырой бергенде алтын медаль иелендім. Жарысқа тыңғылықты дайындалып барғандығымның нәтижесі шығар. Сайыс өте шиеленісті өтті. Әсіресе, Грецияның өз спортшысымен өткен жекпе-жек қиындау болды,–дейді әлем чемпионы.

Еліміздің 7 салмақ дәрежесінде сынға түскен споршыларының барлығы жүлделі оралған. Яғни, ел қоржынында 5 алтын және 1 күміс, 1 қола.

Ақмола облысы

Бөлісу: