Теннис
1 мин оқу 183
Теннис: Лондонда АТР-дің қорытынды турнирі басталды
<p style="text-align: justify;">Кеше Ұлыбритания астанасы – Лондонда АТР-дің қорытынды турнирінің шымылдығы түрілді. Айтулы жарыста бүгінгі таңдағы әлемнің ең үздік сегіз теннисшісі төрт-төрттен екі топқа бөлініп, өзара шеберлік байқасуда.</p>

Бьорн Борг тобындағы сербиялық Новак Джокович өзінің тұсаукесер кездесуінде италиялық Маттео Берреттиниді еш қиналмай ұтты – 6:2, 6:1. Австриялық Доминик Тим швейцариялық Роджер Федерерді тізе бүктірді – 7:5, 7:5.
Андре Агассидің тобында тосын нәтиже тіркелді. Әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Рафаэль Надаль ойда-жоқта германиялық Александр Зверевке есе жіберді – 2:6, 4:6. Ал грекиялық Стефанос Циципас ресейлік Даниил Медведевтен басым түсті – 7:6, 6:4.
Бөлісу:
