Онкологтар Мұнайлыда тегін тексеру өткізді
<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің мамандары 16 қараша күні ұйымдастырылған Мұнайлы ауданының тұрғындарын тегін тексеру барысында 80-нен астам адамды қарап шықты. Бұл туралы диспансер басшылығы хабарлады.</p>

Ашық есік күні Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының (АОА) мамандарымен бірлесіп, аудандық емхана базасында өткізілді.
Онколог, хирург, маммолог, гинеколог мамандарына 82 адам қаралды. Сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуінен 19 әйел, бүйрек – бір аудан тұрғыны, қалқанша безі - үш адам өтті. Онкопатологияға күдікті жеті оқиға анықталды: төрт сүт безі обыры, үш жатыр мойны обыры. АОА персоналына ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің мамандары онкопатологияны тексеру және анықтау жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Бұған дейін облыстық онкодиспансер базасында Ашық есік күндері 400-ден астам тұрғын қаралып, 30-ға жуық онкопатология оқиғасы анықталды.
Маңғыстау облысы
