Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 481

Ең қысқа әңгіме. Ермек Бегзада

Ең қысқа әңгіме. Ермек Бегзада

Қария

Айна алдына келіп аялдаған қария өзінің сұңғақ бойының иіліп, бүкірейіп бара жатқан бейнесін көріп қамығып қалды. Артынша ол: «Тән топырақтан емес пе? Бұл иілу топыраққа кірумен жәй табар»,-деп күбірледі.

Ермек БЕГЗАДА

Бөлісу: