Жарнама
 
Бокс
1 мин оқу 710

Биыл ең көп табыс тапқан кәсіпқой боксшылардың тізімі жарияланды

<p style="text-align: justify;">Украинаның Vringe.com порталы биылғы жылы өткен бәсекелер барысында материалдық тұрғыдан ең көп олжаға кенелген кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады.</p>

Биыл ең көп табыс тапқан кәсіпқой боксшылардың тізімі жарияланды

Бұл тізімде Энтони Джошуа көш бастап тұр. 7 желтоқсанда ол Сауд Арабиясының Эд-Диръия қаласында мексикалық Энди Руиспен қарымта кездесу өткізеді. Алдағы айқас қандай нәтижемен аяқталғанына қарамастан Ұлыбритания боксшысының есеп шотына 85 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражаттың түсетіні анық.

Екінші орында – британиялық KSI мен америкалық Логан Пол. Миллиондаған жазылушылары бар Ютубтің қос жұлдызы 10 қарашада Лос-Анджелесте жекпе-жекке шықты. Бұл тартыс алғашқысының пайдасына шешілді. Осындай керемет шоу ұйымдастырған блогерлердің әрқайсысына $75 миллионнан табыс етілді.

Үстіміздегі жылы  Мексиканың өрені Сауль Альварестің екі рет шаршы алаңға шыққаны белгілі. Мамырда ол америкалық Дэниел Джейкобсты ұпай санымен ұтып, $36 миллионды иеленсе, қарашада ресейлік Сергей Ковалевті ұрып жығып, $35 миллионды иемденді.

Ал Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкинге ең көп табыс тапқандар тізімінде алтыншы орын бұйырған екен. 5 қарашада Нью-Йорктегі әйгілі Мэдисон Сквер Гарденде ол украиналық Сергей Деревянченкоға сан соқтырды. Осы жеңісінің арқасында жерлесіміз  $15 миллионды еншіледі.

Бөлісу:
Биыл ең көп табыс тапқан кәсіпқой боксшылардың тізімі жарияланды · Egemen Qazaqstan