Қоғам
1 мин оқу 213
Үркер елді мекенінде мұз айдыны ашылды
<p style="text-align: justify;">Үркер елді-мекенінде хоккей корты салынды. Онда балалар тек хоккей ойнап қана қоймай, конькимен де сырғанай алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Көктемде хоккей корты футбол алаңына айналады. Сондай-ақ балалар алаңы аумағында тренажерлер орнатылып, workout аймағы болады. Әрбір осындай кешен инклюзия элементтерімен қамтылған. Ерекше қажеттіліктері бар балалар да осы алаңдарда ойнай алады.
Бұл жобаны елорда әкімдігі Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырған.
Бөлісу:
