Қазақстан
1 мин оқу 173

Комиссияның кезекті отырысы өтті

<p style="text-align: justify;">Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.</p>

Комиссияның кезекті отырысы өтті

Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының адам капиталын дамыту саласындағы серпінді жоба екенін атап өтті.

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетел­­­­де кадрлар даярлау жөніндегі рес­пуб­­­­ли­­калық комиссияның хаттамалық тап­сыр­­маларының орындалуы туралы есебі тың­далды, сондай-ақ «Болашақ» бағдарла­масының іске асырылуына қатысты бір­қатар мәселе талқыланды.

Комиссия шешімімен магистратура мен докторантурада білім алу үшін 234 үміткерге стипендия тағайындалды, соны­мен қатар олар әлемнің жетекші ғылы­ми және өндірістік ұйымдарына тағылым­дамаға жіберіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия «Болашақ» халықаралық стипен­дия­сының тиімділігі мен ашықты­ғын арттыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Әсі­ресе экономика саласын дамытудың перс­пективалары негізінде еңбек ресурсы балан­сын­дағы өзгерістерді ескеру жайы айтылды.

Мысалы, 2020 жылдан бастап «Бола­шақ» халықаралық стипендиясын іске асыру­дың жаңа тәсілдері енгізілетін болады. Бұл конкурстық іріктеуді жүргізу тетік­терін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі рес­пуб­ликалық комиссияның жұмысын оң­тай­ландыруды, жұмыс органының жауап­кершілігін арттыруды көздейді. Сонымен қатар стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық үдерістер қосымша реттеледі.

Бөлісу: