Күрес
1 мин оқу 490

Ертең грек-рим күресінен әлем кубогы басталады

<p style="text-align: justify;">Ертең Иранның бас шаһары &ndash; Теһранда грек-рим күресінен әлем кубогының жалауы желбірейді. Бұл жарыста жер жаһанның ең үздік сегіз командасы күш сынасады.&nbsp;</p>

Ертең грек-рим күресінен әлем кубогы басталады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов айтулы додада мына шәкірттеріне сенім артып отыр: 55 кило – Қорлан Жақанша, 60 кило – Дастан Зарлыханов, 63 кило – Ернұр Фидахметов, 67 кило – Мейіржан Шермаханбет, 72 кило – Ибргаим Магомадов, 77 кило – Асхат Жаңбыров, 82 кило – Мирас Баршылықов, 87 кило – Азамат Құстыбаев, 97 кило – Әлімхан Сыздықов және 130 кило – Нұрмахан Тынәлиев. 

Естеріңізге сала кетейік, топтық бәсекеде жерлестеріміз Ресей, Иран және Куба құрамаларымен айқасады. Ал келесі топта Өзбекстан, Грузия, Жапония және Венгрия балуандары шеберлік байқасады.

 

 

 

 

 

 



Бөлісу: