Жайық суға жарыды

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Жайық «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы ауыз су келді. Осы қуанышқа орай өткен салтанатты жиынға өңір басшысы Ғали Есқалиев қатысып, тұрғындардыңқуанышына ортақтасты.

- Елімізде ауыл халқының әл-ауқатын көтеретінкөптеген бағдарлама жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі қуанышты шара осының айғағы. Ақжайық ауданының 52 елді мекенінің 30-ы, яғни, халықтың 87,4 пайызы сумен қамтылып отыр. Биылдың өзінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Шабдаржап, Томпақ ауылдары таза сумен қамтылды. Жыл соңына дейін Базартөбе, Қадырқұл, Қызылжар ауылдарын да ауыз сумен қамту жоспарланған. Кеңсуат ауылында да құрылыс жұмыстары басталды. Осының нәтижесінде аудан 95 пайыз таза сумен қамтылатын болады, - деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.
Жайық ауылына ауыз су жүргізу жұмысы биылғы сәуір айында басталып, құбыр тарту ісін «АльфаСервисСтрой» ЖШС жүргізген. Ұзындығы 9,727 шақырымды құрайтын су құбырының игілігін ауылдағы 600-ден астам тұрғын көретін болады. Жобаға республика бюджетінен 139,3 млн теңге қаражат бөлінген.