Аймақтар
1 мин оқу 180

Қызылордада автобус аударылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін &laquo;Қызылорда-Құмкөл&raquo; тасжолында жолаушылар автобусы аударылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қызылордада автобус аударылды

«3 желтоқсанда сағат таңғы 04:30 шамасында «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған. 

«Құмкөл-Қызылорда» бағытында кетіп бара жатқан автобуста 35 жолаушы болған. Апаттан 22 адам зардап шегіп, 7 адам қайтыс болды.  

Қазір Қызылорда облыстық ТЖД базасында штаб ұйымдастырылып, (7242) 24-41-61, 70-03-28 телефондары бойынша жедел желі ашылды. Оқиға орнында ТЖД, полиция және дәрігерлерден жасақталған 31 адам мен 10 техника жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.  

Бөлісу:
Қызылордада автобус аударылды · Egemen Qazaqstan