Қазақстан
1 мин оқу 260
Беларусь Республикасымен әуе қатынасын кеңейту бойынша келісімдерге қол жеткізілді
<p>Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

«2019 жылғы 2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді.
Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді.
Қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде «Белавиа» әуе компаниясы Минскіден Алматыға рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтады, сондай-ақ 2020 жылдың жаз кезеңінен бастап Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашады», делінген хабарламада.
Бөлісу:
