Президент
1 мин оқу 250

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

<p style="text-align: justify;">Биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында<a href="https://www.facebook.com/100003403233694/posts/2462156533907764?d=n&amp;sfns=mo"> жазды</a>.&nbsp;</p>

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

Сапар барысында Канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. Сапар бағдарламасына Мемлекет басшысының Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, Германияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, «Германия – Орталық Азия» парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді, Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысады. Сондай-ақ неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады · Egemen Qazaqstan