Жарнама
 
Руханият
2 мин оқу 654

Жас буын жаңғыру жолында

<p style="text-align: justify;">Келешектің қозғаушы күші саналатын жастардың қатысуымен &laquo;Өз еліңді таны&raquo; атты республикалық экспедиция басталды. Мұндағы басты мақсат жас өскінге қазақтың ұлттық құндылықтарын танытып, тамырын тереңнен тартқан ата тарихымызды бойына дарыту.</p>

Экспедиция жұмысына өңір­лер­дегі этномәдени бірлестік­тер­дің жастар қанатының мүшелері, «Жаңғыру жолы» республика­лық жастар қозғалысының өкіл­дері шақырылып, тәуелсіз елі­міз­дің бас қаласында бірікті. Ал­ғаш­­қы күні жастар елорданың мәдени ошақтарын аралап, білікті тұлға­лармен «Өз еліңді біл» атты моти­вациялық кездесулерге қатыс­ты. Кездесу барысында вик­торина және Қазақстан тарихын білу­ге арналған квест ойыны ұйым­дастырылды. Одан бөлек экскурсия барысында елорданың қасиет­ті жерлеріне тәу етіп, қаланың көр­некті орындарына экскурсия ұйым­­дастырылады.

– Өскелең ұрпақты елдік пен бірлікке тәрбиелеу, жастардың туған жерге сүйіспеншілігін арт­тыру басты мұратымыз. Жаһан­дану заманында әрбір жас үшін өз өлкесінің тарихын білу, баба­ларының бастан кешкен тарихы, кешегі өткен дәуірдегі соқ­пақ­­тары жастар санасына тың сер­пі­ліс берері сөзсіз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан халықтарының ортақ құндылық­тарын насихаттауды көздейтін «Қазақстану» жобасы іске асырылуда, – деді Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігінің этнос­аралық қатынастарды дамыту департаменті директорының орынбасары Еркін Үсенбаев. Оның айтуынша, аталған жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз және Семей, Өскемен, Екібастұз, Степногорск, Теміртау, Қостанай, Балқаш, Рудный, Лисаковск сияқ­ты моноқалалардан,  сондай-ақ Қарағанды, Ақмола және Сол­түстік Қазақстан, Шығыс Қазақ­стан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан келген 170-тей студент пен жас маман қатысып жатыр.

– Біз екі кезеңнен тұратын экс­пе­дицияға қатысып жатырмыз. Қонақжай Нұр-Сұлтанның ең кө­рікті орындарын араладық. Мұн­дай басқосулар өз тарихымызды, дәстүрімізді терең танып-білуімізге көмектеседі. Келешегің үшін ой түюге пайдалы дүние, жастар көп пайдаланатын интернет алаңында кеңінен айтылуы тиіс деп білемін, – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Рамина Саттарова.

Экспедицияның келесі сапары Абылай хан алаңы, Оқжетпес тауы, Құмай археологиялық-этнографиялық кешені, «Бозоқ» тарихи-мәдени ескерткіші сынды шежіре тұнған қасиетті мекенге барумен жалғасатын болады. Іс-шара соңында жастар экспедиция туралы электронды фотоальбом дайындап, оған экспедиция барысында қатысушылармен түсірілген ең үздік фотосуреттер енгізілмек.

Бөлісу:
Жас буын жаңғыру жолында · Egemen Qazaqstan