Хоккей
1 мин оқу 143

«Йокериттен» жеңілді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың &laquo;Ба&shy;рыс&raquo; клубы &laquo;Барыс Аренада&raquo; Хель&shy;син&shy;&shy;кидің &laquo;Йокерит&raquo; командасынан же&shy;ңіліп қалды.</p>

«Йокериттен» жеңілді

Өте шиеленісті өткен бәсекенің алғашқы кезе­ңінде есеп ашылмады. Екінші кезеңнің 25-минутында Стив Мозес гол соғып, қонақ­тарды алға шығарса, арада 13-минут өткенде Брайан О’Нилл мергендігімен көзге түсіп, есепті еселей түсті. 52-минутта Марко Анттила есепті 1:3-ке жеткізді. 56-минутта Кертис Волк есеп айыр­масын тағы қыс­қарт­қанымен ойын соңын­да Марко Анттила дубль авторы ата­нып, кездесудің нүктесін қойды. Қоры­тынды есеп – 2:4.

Осы күнге дейін 33 кездесу өткізген «Ба­рыс» қазіргі кезде 42 ұпайды еншілеп отыр. Жер­лестеріміз алдағы кездесулерін сырт ай­дында өткізеді. Ертең Сочиде «Сочи», 9 желтоқсанда Омбыда «Авангард» командасымен ойнайды.

Бөлісу:
«Йокериттен» жеңілді · Egemen Qazaqstan