Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кез<span lang="KZ" xml:lang="KZ">д</span>егі естеліктермен бөлісті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

- Сіз халқымыздың шынайы махаббатына ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, сарқылмас қуат және көрермендердің шексіз қошеметіне бөлене беруіңізді тілеймін. Бірер күн бұрын керемет концертіңіз өтті. Әдеттегідей көрермендердің жоғары бағасына ие болды, - деді Елбасы.
Өз кезегінде Б.Төлегенова Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен вокалистердің X байқауының нәтижелері туралы айтты.
- Қамқорлық танытып жүргеніңізге ризамын. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін, - деді КСРО халық әртісі.

