Елбасы
1 мин оқу 375

Назар аударатын мәселелер бар

<p style="text-align: justify;"><strong>Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев &laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; ҰК&raquo; АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады.</strong>&nbsp;</p>

С.Мыңбаев ұлттық компа­нияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы тура­лы хабардар етті және таяу ке­лешектегі жоспарлар туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қаз­Мұ­найГаз» ҰК» АҚ отандық ірі компаниялардың бірі болып табылатынын, еліміздің экономикасының дамуы көп жағдайда оның қызметіне байланысты екенін атап өтті, сондай-ақ технологиялық күрделі жобаларды іске асыру үшін өзіміздің жоғары білікті кадрларымызды даярлау қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі .

Бөлісу:
Назар аударатын мәселелер бар · Egemen Qazaqstan