Жаңалықтар
1 мин оқу 290

Оңтүстік Қазақстанда 98 жастағы әжей жеке куәлігін ауыстырды

98 жастағы әже

Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын 98 жастағы Бибігүл Әлібаева әжей жеке куәлігін ауыстыру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Кейуана Шымкент қаласындағы Тельман бөлімшесінде тұрады. 2 ұлдан немере, шөбере, шөпшек сүйіп отырған қуатты жан. Жеке куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты зейнет ақысын ала алмай жүр екен. Сондықтан қажетті құжаттарды аталмыш орталық қызметкерлеріне тапсырды.

Данияр Түймебай.

Бөлісу:
Оңтүстік Қазақстанда 98 жастағы әжей жеке куәлігін ауыстырды · Egemen Qazaqstan