Әлем
1 мин оқу 140

Өзбекстанда парламент сайлауы аяқталды

<p style="text-align: justify;">Өзбекстан Республикасы парламентінің Заң шығарушы палатасы және халық депутаттары жергілікті кеңестерінің депутаттарын сайлау аяқталды.</p> <p>&nbsp;</p>

Өзбекстанда парламент сайлауы аяқталды

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Олий Мажлиси заң шығару палатасына Өзбекстан либерал демократиялық партиясынан  43 депутат сайланып, парламентте басымдыққа ие болды.

Сондай-ақ «Милий тикланиш» демократиялық партиясынан - 35 депутат, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан - 21 депутат, Халық демократиялық партиясынан - 18 депутат, Өзбекстан Экологиялық партиясынан - 11 депутат сайланған.

Сайлау барысын 1150 шетелдік БАҚ өкілі бақылап отырған. Солардың қатарында Қазақстан сенаторлары Ерболат Мұқаев және Ғұмар Дүйсембаев сайлауға ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА байқаушылар миссиясына қатысқанын жазған едік

Бөлісу:
Өзбекстанда парламент сайлауы аяқталды · Egemen Qazaqstan