Спорт
1 мин оқу 226
Ауыр атлетикадан Катар кубогы аяқталды
<p style="text-align: justify;">Ауыр атлетикадан Дохада өткен Катар кубогы жолындағы жарысты Қазақстанның ұлттық құрамасы жалғыз ғана жүлдемен қорытындылады. </p>

Лицензиялық турнирде Игорь Сонның ғана бағы жанды. 61 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан ол шешуші тұста Түркіменстан мен Италия спортшыларына сан соқтырып, бас жүлдені олжалады. Отандасымыздың көрсеткіші – 278 (124+154) кило.
Өкінішке қарай, өзге зілтеміршілер ел сенімін ақтай алған жоқ. Атап айтсақ, Раушан Мешітханова (87 кило) мен Ибрагим Берсанов (109 кило) – төртінші, Илья Ильин (96 кило) – бесінші, Екатерина Быкова (76 кило) мен Нижат Рахимов (81 кило) – жетінші және Денис Уланов (81 кило) – оныншы орынды қанағат тұтты.
Бөлісу:
