Тағайындау
1 мин оқу 202
СІМ: Жаңа Жауапты хатшы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа Жауапты хатшы Әркен Өтеновты ұжыммен таныстырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Министр оның қаржы секторындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі кәсіби тәжірибесіне тоқтала келе, Ә.Өтенов Қазақстанның білімді және тәжірибелі басқарушыларының жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған Президенттік жастар кадрлық резервінен шыққан алғашқы маман болып табылатынын атап өтті.
Бөлісу:
