Қазақстан
1 мин оқу 360
Қытай Сыртқы істер министрі көңіл айтты
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы жұма күні өткен баспасөз конференциясында Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан айтты.</p>

«Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы маңында болған ұшақ апатында қаза болғандар мен зардап шекендердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.
Бөлісу: