Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2019

Алматыда 95 жолаушы мінген ұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда 95 жолаушы мінген ұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

Екі қабаттық ғимарат үймен қақтығыс болды. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адамды құрайды.

Алматыда құлаған ұшақ ісі бойынша Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады.

Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.


1