Қазақстан
1 мин оқу 310

Нұрлан Домбаев таэквондодан алғашқы лицензияға ие болды

<p style="text-align: justify;">Нұрлан Домбаев пара таэквондодан Токиода өтетін Паралимпиаданың ұлттық құрама үшін алғашқы лицензиясының иегері атанды. Бұл туралы&nbsp;Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Нұрлан Домбаев таэквондодан алғашқы лицензияға ие болды

Спортшы Әлемдік рейтинг нәтижелері бойынша көшбасшы атанып, 75 келі салмаққа дейін К43 категориясында лицензияға ие болды.

Нұрлан Домбаев – екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы. 2019 жылы спортшы 3 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды: Әлем, Азия, Ашық Еуропа біріншіліктерінде – алтын және Африка Чемпионатында – күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар спортшы 2019 жылы «Altyn Samgay» Ұлттық Спорттық Жүлдесі бойынша «Паралимпиадалық спорттың үздік спортшысы» атанған болатын.

1

Бөлісу:
Нұрлан Домбаев таэквондодан алғашқы лицензияға ие болды · Egemen Qazaqstan